Нөсер жауын жазғы кафелердің жұмысына кері әсерін тигізді
20 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында сауда-ойын-сауық орталықтары іске қосылады
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулер біртіндеп алына бастады. 18 мамырдан бастап елордада қоғамдық тамақтану орындары мен 50 адамдық орынға дейінгі мейрамханалардың жұмысы жанданды.
Azattyq Rýhy тілшісі 2 айға жуық жабық тұрған шағын және орта бизнес нысандарын аралады.
«Дареджани» грузин мейрамханасы сақтық шараларының талаптарына сай келген Республика көшесінде орналасқан филиалын ашқан. Мейрамхана қонақтары жазғы демалыс орындарына алдын ала тапсырыс берген. Алайда, түстің кезіндегі нөсер жауын салдарынан тапсырыс беруші меймандар мейрамханадағы орындарын ертеңге ауыстырыпты.
Ал, түс қайта Есілдің сол жағалауындағы мейрамханалардың жұмысы жанданды. Мұнда келушілер қатары көбейген. Мейрамхана әкімшісі бүгін кешке дейін бос орын жоғын айтты.
Айта кетейік, 18 мамырдан бастап қалада кезекші топ режимінде балабақшалар мен жеке сабақтарға арналған түзету кабинеттері жұмыс істейді. Сондай-ақ, орталық базар ашылды.
Әсел Тұмашқызы, Нұр-Сұлтан