Жұмыс тобы құрылды: қайырымдылық қорларына тыйым салына ма?
Министрдің сөзінше, қазір бастама зерделеніп жатыр
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева еліміздегі қайырымдылық қорларына тыйым салу бастамалары жайында пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Жұмыс тобы құрылды. Нақты шешім әлі жоқ, ұсынысты жинап жатырмыз, сарапшылардың пікірін зерделеп жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, мұндай бастамалар оңайлықпен қабылдана салмайды. Өйткені алыпсатарлық, алаяқтық фактілері бар. Сондықтан, осыған байланысты біз қайырымдылық көмек тетігін жетілдіру мәселесін қарастырып жатырмыз. Сондықтан өздеріңізді де осы мәселеге байланысты пікір білдіруге белсенді қатысуға шақырамыз», - деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін белсенділер үкіметтің жеке тұлғалардың қайырымдылққа қаражат жинауына тыйым салуды қарастырып жатқанын айтқан.