$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жер сілкінісі кезінде қате дабыл батырмасы қосылған: Есікте тексеріс жүріп жатыр

Министр әуе және радиациялық қауіп туралы дабыл жүйесін қолмен қосуға да, автоматты режимге қоюға да болатынын айтады

Жер сілкінісі кезінде қате дабыл батырмасы қосылған: Есікте тексеріс жүріп жатыр
Фото: istockphoto.com

Алматы облысында жақында болған жер сілкінісі кезінде Есік қаласында әуе және радиациялық қауіп туралы дабыл қате қате қосылып кеткен. Осы жағдайға байланысты төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазіргі таңда ол мәселе бойынша қызметтік тексеріс болып жатыр, нәтижесін кейін хабарлаймыз. Техника болғаннан кейін ондай қателіктер болады. Түйткілді мәселелер жеткілікті, қалалар жүйелермен жабдықталмаған. Бүгінде техниканы жетілдіруге арналған бағдарламамыз бар», - деді ол.

Министр дабыл жүйесін қолмен қосуға да, автоматты режимге қоюға да болатынын айтады. Егер дабыл адам қателігінен қосылып кеткен болса, қызметкер міндетті түрде жазаланады.

«Алматыда, мәселен, 5,5 балдық жер сілкінісі болса, дабыл автоматты түрде қосылады. Қажет жағдайда қызметкерлеріміз өздері қоса алады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары