$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.11.2024, 12:53
Қоғам

Жұмыс берушілер қазақстандықтарға 4 млрд теңге қарыз болып қалған

Кәсіпорын басшыларына айыппұл салынды

Жұмыс берушілер қазақстандықтарға 4 млрд теңге қарыз болып қалған
Фото: stockphoto.com

Қазақстанда жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 47,5 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша 264 кәсіпорын қызметкерлеріне жалақысын уақытылы төлемей, қарыз мөлшері төрт миллиард теңгеге жуықтап қалған.

«Мемлекеттік еңбек инспекторлары 264 кәсіпорынның 17,8 мың жұмысшы алдында 3,9 млрд теңге жалақы берешегі бар екенін анықтады. Сонымен бірге әртүрлі ұйымдарда жүргізілген тексерістер барысында 7,1 мыңнан аса еңбек құқығының бұзылу фактісі тіркелді», - деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жалақы төлемеген кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 235 ұйғарым беріліп, 46,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған. Еңбек инспекторлары қабылдаған шаралардың нәтижесінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдері белгіленіп, 16,5 мыңнан астам қызметкердің құқығы қорғалды. Оларға 3,1 млрд теңге төленді.

Министрлік еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу мәселелері ведомствоның бақылауында екенін атап өтті. Мәселен, 2024 жылғы 1 қарашадағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 552 тексеріс өткізіп, 7 149 заңбұзушылықты анықтаған. Тексеріс қорытындысы бойынша жұмыс берушілерге 2 723 ұйғарым беріліп, жалпы сомасы 338,9 млн теңгені құрайтын 3 207 әкімшілік айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 31 мыңнан аса жұмысшының еңбек құқығы қорғалды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жалақы #қарыз