$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Отыз, елу жыл бойы жөндеу көрмеген: су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозған

2030 жылға дейін жаңа 42 су қоймасы салынады

Отыз, елу жыл бойы жөндеу көрмеген: су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозған
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Еліміздегі су шаруашылығы инфрақұрылымдарының көпшілігі 30-50 жылдан астам уақыт күрделі жөндеу және реконструкциялау жүргізілмей жұмыс істеп келді. Бұл ретте су шаруашылығы нысандарының іс жүзіндегі тозуы 60%-дан астамды құрайды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Министрлік 2030 жылға дейін қосымша 2,6 текше шақырым су жинай алатын жаңа 42 су қоймасын салуды, 3,7 текше шақырым су сақтайтын 37 су қоймасы мен 14 450 шақырым суару каналын реконструкциялауды жоспарлап отыр. Осы арқылы тасымалдау кезіндегі су шығынын 25%-ға азайтуға, ал суармалы жерлердің көлемін 400 мыңнан артық гектарға ұлғайтуды көздейді», - деді ведомстводан.

Бүгінде су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 411 жоба іске асырыла бастады. Атап айтқанда, 575,9 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру, жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын 203 каналды салу және реконструкциялау жүріп жатыр.

«Осының нәтижесінде 1,4 млн тұрғыны бар 437 ауылдық елді мекенде сумен қамтамасыз ету сапасы жақсарады», - дейді министрлік.

Серіктес жаңалықтары