$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Энергетикалық компаниялар сирек құстардың қырылуына қалай әсер етіп отыр

Бұл мәселе «AMANAT» партиясының орталық аппаратында биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша экологиялық кеңесте талқыланды

Энергетикалық компаниялар сирек құстардың қырылуына қалай әсер етіп отыр
Фото: istockphoto.com

Жел электр станциялары сирек кездесетін құстардың жойылуына себепкер болып отыр. Бұл туралы Биоәртүрлілікті зерттеу және сақтау орталығының атқарушы директоры Нұрлан Оңғарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нұрлан Оңғарбаев энергетикалық компаниялар, инвесторлар және кейбір уәкілетті мемлекеттік органдар жел электр станцияларын салуға учаске бөлу және жобалық құжаттарды келісу туралы шешім қабылдар кезде, тек экономикалық мүддені басшылыққа алып, сирек кездесетін құстарға зиянын тигізетін ескермейтінін қозғап өтті.

«Қазақстан Республикасының аумағы қоныс аударатын құстардың ұшу дәлізі болып саналады. Жер аударатын құс түрлерін қорғауға қатысты талаптар «жер аударатын жабайы жануарлардың түрлерін сақтау жөніндегі Конвенцияның» II бабында белгіленген, сондай-ақ жел электр станцияларына қатысты ҚР Экологиялық кодексінің 245-бабында тікелей көзделген. Ғылыми деректерге жүгінсек, кейбір жағдайларда, энергетикалық компаниялар арнайы зерттеу ұйымдарын жалдап,  деректерді қасақана бұрмалайды. Мәселен, «Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы» ҚҚ ақпараты бойынша, «Жаңатас», «Шоқпар», «Ерейментау» ЖЭС жобаларын іске асыру кезінде Қызыл кітапқа енген құстарға келтірер зиянын елемеген», - деді ол.

Осы мәселеге байланысты Биоәртүрлілікті зерттеу және сақтау орталығының атқарушы директоры Нұрлан Оңғарбаев бірнеше ұсынысты ортаға салды.

Серіктес жаңалықтары