$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген БҚО-ның бұрынғы аудан әкімі бостандыққа шықты

Жеңіс Серікқалиев пен оның сыбайластарына 2016 жылғы 1 қыркүйекте үкім шығарылып, олар қатаң режимдегі колонияға жабылған болатын

Көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген БҚО-ның бұрынғы аудан әкімі бостандыққа шықты
Фото: Мой город ақпараттық сайты

Жеңіс Серікқалиев 11 жылға сотталып, сегіз жыл өткен соң өтелмеген мерзімін шартты жазаға ауыстыруды сұраған еді. Нақты мерзімді шартты жазамен ауыстыру туралы шешім 2024 жылғы сәуірде қабылданған, бірақ бұл туралы ақпарат жақында ғана белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мой город сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев сотқа өтініш беріп, қалған жазасын шартты жазаға ауыстыруды сұраған. Ол сот тағайындаған 11 жыл жазаның сегіз жылын өтеген, оның мерзімі 2027 жылғы 14 наурызда аяқталуы тиіс болатын.

Соттың мәліметінше, жаза мерзімін өтеу барысында Серікқалиев ережелерді бұзбаған, жұмыс істеп, іс-шараларға қатысқан, 15 рет ынталандыру алған.

Еске салсақ, 2016 жылғы 23 ақпанда Теректі ауданының бұрынғы әкімінің көңілдесіне екі ер адам шабуыл жасап, оны бірнеше жерінен пышақтаған. Әйел тірі қалып, Теректі ауданының ТКШ басшысының жүргізушісін таныған. Сот талқылаулары барысында Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиевтің ТКШ басшысы Қожамұратовқа көңілдесін өлтіруді тапсырғаны анықталды. Олардың ортақ қызы болғандықтан, әйел оны бопсалаған. Қожамұратов, өз кезегінде, жүргізушісін 500 мың теңге үшін жалдап, әйелді өлтіруді тапсырған.

Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев пен оның сыбайластарына 2016 жылғы 1 қыркүйекте үкім шығарылып, олар қатаң режимдегі колонияда 10-11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, соттан кейін жәбірленуші Серікқалиевті кінәсіз деп санайтынын айтып, үкімге шағым түсіретінін мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#БҚО #сот #әкім