$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2024, 22:44
Қоғам

Ақмола облысында былтыр салынып біткен Мәдениет үйі әлі пайдалануға берілмеген

Ауыл халқы жергілікті жастардың осында келіп рухани әрі мәдени азық алуын қалайды

Ақмола облысында былтыр салынып біткен Мәдениет үйі әлі пайдалануға берілмеген
Бейнеден кадр

Ақмола облысы Степногорск қаласы Қырық құдық ауылының тұрғындары Мәдениет және ақпарат министрі мен Туризм және спорт министріне және Ақмола облысының әкіміне мұңын айтып, видеоүндеу жолдады. Оған себеп – ауылда былтыр салынып біткен мәдениет үйінің әліге дейін қолданысқа берілмеуі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауыл халқы жергілікті жастардың осында келіп рухани әрі мәдени азық алуын қалайды. Алайда, көз алдында тұрған жаңа ғимарат пайдалануға берілетін емес. Нақты себебін де білмейміз дейді ауылдықтар.

Видеоүндеудің толық нұсқасын ауыл тұрғыны Калиева Махаббат өз парақшасына жүктеген.

Жиналған жұрт көтеріп отырған мәселеге қолдау білдіруді сұрайды.

«Ауылымызда мәдениет үйі салынып, қолданысқа берілмей тұрғанына 1 жылдан астам уақыт болды. Тұрғындардың игілігіне салынған бұл ғимарат көз алдымызда тұрғанымен қолымыз байлаулы және себебін де білмейміз. Инстаграм желісіне белгісіз бір блогердің жариялаған видеосы тұрғындар арасында резонанс тудырып, қуанышымызды су сепкендей басты. Салыну барысын тұрғындар өз көздерімен көріп, бүлдіршіндерінің үйірмелерге барып, дамуын қалап еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында елдің дамуына қатысты біраз мәселені қамтып, маңызды бағыттарды тағы бір нақтылап өткен еді. Оның ішінде ауылды жерлердің әлеуетін арттыруға баса назар аударғаны белгілі. Президенттен түскен пәрмен іс жүзінде атқарылып, ауылымыздың көркеюі мен дамуы керісінше оң көзқарасты қамтуы керек. Алайда ауылды жерге мұндай ғимаратты көп көргені ме? Әлі күнге дейін халық игілігіне берілмеді. Ауыл тұрғындары өте белсенді. Аулымыз толық 100 пайыз сумен, жарықпен қамтылған. Сондай-ақ балалар мен жастар үшін ойын және спорттық алаңдар ашылды. Мектеп жұмыс атқарып жатыр, сол балалар өз бос уақыттарын ары қарай дамытса, болашақта білікті, білгір маман болатындарына сенімдіміз. Бүгінде атынат ат үркитін тұлғаларымыздың көпшілігі дерлік ауылдан шыққаны баршамызға мәлім. Ауыл халқымыз үшін руханиятымыздың темірқазығы емес пе? Ауыл идеологиясы ұлт пен мемлекет идеологиясының мәйегі. Сол себепті біздің ауылдың болашағын назардан тыс қалдырмай, даму барысында керісінше қолдау көрсетсеңіздер екен деп сұраймыз!», — дейді ауыл тұрғындары.

Серіктес жаңалықтары