$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.10.2024, 17:57
Қоғам

Тасжолда қатты жүргенді жақсы көретін жүргізушілерге жақын арада айыппұл салынады

Жазалау шаралары желтоқсан айында басталмақ

Тасжолда қатты жүргенді жақсы көретін жүргізушілерге жақын арада айыппұл салынады
Фото: istockphoto.com

Тасжолда орташа жылдамдықты асырған жүргізушілерге желтоқсан айының ортасынан бастап айыппұл салынады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің айтуынша, қазір камералар Бас прокуратураның жүйесімен интеграцияланып жатыр.

«Желтоқсанның ортасына қарай интеграцияны аяқтаймыз деп болжап отырмыз. Аяқталған бойда желтоқсан айының ортасынан айыппұл сала бастаймыз. Бұл азаматтарымыздың өмірі мен қауіпсіздігі үшін өте қажет шара», - деді Қарабаев мәжіліс кулуарында.

Осы орайда шенеунік «Астана-Бурабай» трассасын мысалға келтірді. Осы тас жолда рұқсат етілген максималды жылдамдық сағатына 140 шақырым болса, кейбір жүргізушілер сағатына 237 шақырымға дейін жүйткіген.

«Мұндай жылдамдықпен кез келген уақытта көлікті басқара алмай қаласыз. Біз үшін заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету – бірінші кезектегі басымдық. Орташа жылдамдық – аса қажет норма», - деп түсіндірді ол.

Серіктес жаңалықтары