$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.10.2024, 17:35
Қоғам

Рөлі оң жақтағы автокөліктер InDrive пен Яндекске тіркеле алмайды

Меморандум жаңа жылдан бастап күшіне енеді

Рөлі оң жақтағы автокөліктер InDrive пен Яндекске тіркеле алмайды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха InDrive және Яндекс агрегаторларымен рөлі оң жақта орналасқан көлік иелерімен келісімшарт жасаспау туралы меморандум бекітілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір біз көлік министрлігімен бірлесіп InDrive-пен және Яндекспен меморандум бекіттік. Оған сәйкес, енді олар рөлі оң жақтағы және екі есікті автокөліктермен келісімшарт бекітпейді. Меморандум 1 қаңтарда күшіне енеді. Автомобиль көлігі туралы заңда да бұл шаралар қарастырылған. Сондықтан 1 қаңтардан бастап біз бұл мәселе бойынша жауапкершілікті қатаңдатамыз», - деді Лепеха Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, көлік министрінің бұйрығында рөлі оң жақтағы көліктерге жолаушы тасымалымен айналысуға тыйым салынған, тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік бар.

Серіктес жаңалықтары