$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.10.2019, 22:34
Қоғам

Инстаграм фильтрлерден бас тартып жатыр

Танымал әлеуметтік желінің AR (augmented reality) хирургиялық кедергісіз ернін үлкейту сияқты эффектілері енді болмауы мүмкін деп хабарлайды BBC news ақпарттық порталы

Инстаграм фильтрлерден бас тартып жатыр

Мұндай эффектілер адамның психикасына теріс әсерін беріп жатыр деп есептейді мамандар. Тыйым фильтрлердің  қатарына ернін үлкейту, бет формасын кішірейту, тарту және «әдемілік иньекциясы» сияқты өзгертулер кіріп отыр.

Соңғы зерттеулер адамның түр-әлпетін өзгертетін фильтрлер өзін-өзі бағалауын төмендетіп, жүйке жүйесі ауруларына алып келу қаупін көрсетті. Facebook компаниясына тиесілі әлеуметтік желі өкілдері адамдарлың денсаулығын баса назарға қойғандықтан, осындай қадамдарға барып отырғандығымен ақталып отыр.

«Біз ережелерімізді қайта қарап жатырмыз. Біздің фильтрлер адамдарға тек жақсы көңіл-күй сыйлағанын қалаймыз.Бүгінде коллекциямыздағы барлық пластикалық хиррургияға қатысы бар деген эффектілерді жойып жатырмыз»,-деп түсіндірді компания өкілдері.

«Инстаграм» тамыз айынан бастап тұтынушыларына өздерінің жеке анимация, маскалар мен фильтрлері бар визуалды эффектілерді жасауға рұқсат берген болатын.  Солардың арасында Plastica фильтрі пластикалық отаның эффектілеріне өте ұқсас болды. FixMe деп аталатын эффекті адамның бетін косметикалық хиррургияға дайындайтын түріне қатты ұқсайды. HolyBucks фильтрі селфи кезінде доллар белгісін қойып тұлғаның ернін үлкейту мүмкіндігіне ие.

Бұл фильтрдерді жою қанша уақыт алатынын әзірге белгісіз. Бірақ тұтынушылар тарапынан компанияның бұл жұмысы жағымды пікір қалыптастыруда.

Инстаграм әлеуметтік желісінде бүгінде көптеген фильтрлер бар. Әсіресе, жасөспірімдердің арасында фильтрмен фотоға түсу тенденцияға немесе «ауруға» айналып бара жатқаны жасырын емес. 2019 жылдың ақпан айында 14 жасар Молли Рассел осындай эффектілермен түскен фотосымен көріп өз-өзіне қол жұмсаған оқиғасынан кейін Инстаграм адамның физикалық дене жарақатын келтіретін фильтрлерді жоямыз деп шешім қабылдаған болатын.

Серіктес жаңалықтары