22.10.2024, 07:29
Қоғам
Қарағанды облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Жәбірленуші келтірілген шығынды 1 млн теңге деп бағалады
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты Мұстафин кентінде мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері 26-35 жас аралығындағы күдіктілердің шаруа қожалықтарының бірінен «Гольштейн» тұқымды сиырды ұрлап кеткенін анықтады. Жәбірленуші келтірілген шығынды 1 млн теңге деп бағалады.
Ұсталғандар өз кінәларын мойындап, ұрланған мал табылды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жалғасуда.
Полиция бөлімінің қызметкерлері осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында қожалық иелеріне сақтық шараларын күшейтуді ұсынады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
