Алматы облысында туған әкесі екі қызына зорлық көрсеткен
Облыстағы уәкіл қыздармен кездескен

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысында әкесінің екі қызына зорлық-зомбылық жасауына қатысты облыс прокуратурасы жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оқиғаның материалдарын толықтай сол жерде зерттеу және тергеу шараларының толықтығын қамтамасыз ету үшін Қонаев қаласы мен Алматы облыстық Ішкі істер департаментімен және Астанадан келген тергеу басқармасымен кездестім. Өңірлік уәкіл марқұм Шерзаттың отбасымен кездесті. Сонымен қатар, өңірлік уәкілмен бірге 2 жасар қызын өлтірген анаға қатысты іс және екі қызға әкелері тарапынан жасалған зорлық-зомбылық фактісі бойынша облыс прокуратурасымен жұмыс істеп жатырмыз», - дейді Динара Зәкиева.
Уәкілдің айтуынша, соңғысы бойынша уәкіл қыздармен және олардың әпкелерімен кездескен.
«Бұған қоса, өңірлік уәкіл Талғар ауданының ІІБ-не, сондай-ақ, мектеп оқушысына мұғалім тарапынан жасалған буллинг бойынша шағымды қарау үшін Алатау қаласына барды», - деді ол.