$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Заң аясында шешілуі керек»: Бейсенбаев Шерзаттың отбасын айыптап жатқандар жайлы айтты

Ол күдіктілерді ақтау да қазір орынсыз дейді

«Заң аясында шешілуі керек»: Бейсенбаев Шерзаттың отбасын айыптап жатқандар жайлы айтты
Фото: видеодан скриншот

Парламент Мәжілісінің депутаты, төменгі палатадағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шерзаттың отбасына қатысты айтылған кез келген айыптау олардың қайғысын өтей алмайды. Себебі олар адамдар алдында, камера алдында өз ұлдарынан айырылды. Күдіктілерді ақтап алуға бағытталған әрекеттер де маңыға ие емес. Біз заң аясында жұмыс істеуіміз керек. Сот әділ әрі ашық өтуі керек. Барлық тарап өзінің нұсқасын жеткізуі керек. Соттың ашық өтуін қолдаймыз, бірақ оны прокуратура мен сот шешеді», - дейді Парламент Мәжілісінің депутаты.

Депутат айтқандай, ақпараттық алаңда айтылып жатқан барлық іс, жаңалық резонансқа ие болады.

«Ақпарат майданында адам өлтіруге қатысты пайда болған кез келген ақпарат резонансқа айналады. Оның ішінде ол жас бала болса...», - дейді Парламент Мәжілісінің депутаты, төменгі палатадағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев.

Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.

Серіктес жаңалықтары