$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2024, 08:55
Қоғам

Ақтөбеде ереже бұзған жүргізушілердің көлігін қоятын орын жетпей жатыр

Соңғы уақытта айыппұл тұрағына әкелінген мопедтер де көбейген

Ақтөбеде ереже бұзған жүргізушілердің көлігін қоятын орын жетпей жатыр
Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде ереже бұзған жүргізушілердің көлігін қоятын орын жетпей жатыр. Себебі қаладағы айыппұл тұрағы түгел толған. Бір жарым ай бұрын көшеге жаппай бейне бақылау камерасы орнатылған соң, осында әкелетін көлік саны да артқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары айыппұл тотұрағына күніне, кем дегенде 30 шақты көлік жеткіземіз дейді. Себебі бейне бақылау камерасының арқасында жолда тәртіп бұзатындарды анықтау жеңілдетілген. Есесіне, енді тұрақта орын жоқ. Жақында «Лексус» көлігін әкелген. Оның жүргізушісі жол ережесін бір айда жүзден аса бұзып, үш жарым миллион теңге айыппұл арқалаған. Шетелдік нөмірмен жүрген соң, ереже бұзғанымды ешкім білмейді деп ойлапты. Соңғы уақытта айыппұл тұрағына әкелінген мопедтер де көбейген. Көбі апатқа ұшыраған жастардікі. 

 «Айыппұл тұрағы міндетті түрде қажет. Күнделікті мас күйде ұсталып жатқандар бар. Жүргізуші куәлігі жоқ адамдар да ұсталып жатыр. қандар бар. Күнделікті 20-30 көлік әкелеміз, айыппұл тұрағы қажет», - дейді Ақтөбе қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Мейірхан Есенжолов.

Серіктес жаңалықтары