$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шетелде табылған 7 айлық бала Қазақстанға қайтарылды

Ол ауруханаға жатқызылды

Шетелде табылған 7 айлық бала Қазақстанға қайтарылды
Фото: istockphoto.com

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 7 айлық Қазақстан азаматының Ресей Федерациясынан елге оралғанын жеткізді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Келген бойда бүлдіршін балалар ауруханасына қаралып, тексерілу үшін жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, өзін жақсы сезінеді. Медициналық шаралар аяқталған соң нәресте «Балалар үйі» КММ-ге жіберіледі. Баланы алып келу процесіне әдіскер-қамқоршы және анестезиолог-реаниматолог қатысты.

«Біз үшін әрбір баланың қандай жағдай болмасын, қажетті қолдау алуы маңызды. Сондай-ақ, еліміздің әрбір азаматына барынша қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысудамыз. Тиісті органдар мен мамандар кішкентай нәрестені елге қайтару үшін орасан зор жұмыс атқарды. Осы жақта оның өсіп-жетілуі үшін білікті мамандар қолдан келгеннің бәрін жасайды», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

 

Серіктес жаңалықтары