$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.10.2024, 02:00
Қоғам

«Қорлықтан құтылғысы келген»: Түркістан облысында күйеуін қылқындырып өлтірген әйел сотталды

Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды

«Қорлықтан құтылғысы келген»: Түркістан облысында күйеуін қылқындырып өлтірген әйел сотталды
Фото: istockphoto.com

Түркістанда өз күйеуін өлтірген көпбалалы анаға үкім шықты. 30 жыл отасқан жұбайын қылқындырып тастаған Лобар Қажиева енді сегіз жыл түрмеде отырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Жаға ұстатарлық жағдай сәуір айында Сайрам ауданында болған. Еш жерде жұмыс істемейтін күйеуінің мас болғанына ашуланған 50 жастағы әйел оны белдікпен буындырып тастапты. Тергеу кезінде күйеуі күн көрсетпегенін және мүгедек бала туғанын бетіне баса беретінін айтып ақталыпты. Осындай қорлықтан құтылу үшін қылмысқа барған екен. Оның сөзін көршілері де растаған. Сондықтан судья төрт баланың анасына «кісі өлтіру» бабы бойынша қарастырылған ең жеңіл жазаны тағайындап, сегіз жылға бас бостандығынан айырды. 

 «Күйеуі оның алдында өзінен ақша талап етіп, ішімдікке жұмсаймын деп, бір жарым мың теңгесін үйінен алып кеткен. Содан кейін үйіне мас келген кезде, сонда да жанжалды жалғастырып, өзі насыбай атып алған екен, насыбайын бетіне түкіріп, соның бәріне шыдамай, қасында ешкім болмағанын пайдаланып, артынан келіп, жемпірдің белбеуімен қылқындырып өлтірген», - деді Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Сәкен Тұрғынбаев.

Серіктес жаңалықтары