Қазақстанда үй-жайын, жұмысын көрсетпеген 184 мың отбасы ауқатты тұрып жатыр
Былтыр 68 мың кәсіпкер жұмысшылармен еңбек шартын жасамаған

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова азаматтарға жұмыс берушімен еңбек шартын жасамай тұрып қызмет көрсетпеуге кеңес берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министр айтқандай, 184 мың отбасы жұмыссыздар қатарында болса да өте жақсы өмір сүріп отыр. Осы сияқты ешбір еңбек шартын жасамай, әлеуметтік төлемдерді төлемей жұмыс беріп отырған кәсіпкерлер де жетерлік.
«Біз 367 мың кәсіпкердің деректерін талдадық. Сонда 2023 жылы 68 мың кәсіпкер жұмысшылармен еңбек шартын да, әлеуметтік аударым да жасамаған. Сол дұрыс па?! Жұмыс беруші сізге «100 мың беремін, келіп маған жұмыс істе, бірақ еңбек шартын жасамаймыз» десе ол жұмысқа бармаңыз», - деді ол.
Қазір елімізде 321 мың азамат жұмыссыздар қатарында. Министрлік бұл санды Ұлттық стастистика бюросына сүйене отырып көрсеткен.