$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.10.2024, 13:15
Қоғам

Бизнеске триллиондаған жеңілдік жасалса да, қазақстандықтардың жартысына мемлекет жұмыс беріп отыр – депутат

Жұмыспен қамтудың негізгі генераторы – мемлекет, дейді Аймағамбетов

Бизнеске триллиондаған жеңілдік жасалса да, қазақстандықтардың жартысына мемлекет жұмыс беріп отыр – депутат
Фото: istockphoto.com

Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов елімізде бизнеске әжептәуір жеңілдіктер жасалса да, халықтың басым бөлігін мемлекет жұмыспен қамтып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жұмыспен қамтуға келсек, барлық жұмыс орындарының 70%-ын немесе жалпы жұмыспен қамтудың 50 пайызына жуығын бизнес емес, мемлекет қамтамасыз етіп отыр. Яғни мемлекеттік қолдау шараларына, триллиондаған несие және триллиондаған салық жеңілдіктеріне қарамастан, жеке кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер тек 2,8 миллион жұмыс орнын немесе жұмыспен қамтудың 33 пайызын ғана қамтамасыз етіп отыр. Яғни, жұмыспен қамтудың негізгі генераторы – мемлекет», - дейді Аймағамбетов Мәжілісте өткен үкімет сағатында. 

Депутаттың айтуынша, мемлекеттік бағдарламалардың жұмыс орындарын ашудағы тиімділігі өте төмен. Статистика бойынша көптеген бағдарламада бекітілген көрсеткіштер тек қағаз жүзінде қалып қойған.

«Ұлттық жобалар бүгінгі таңда сапалы жұмыс орындарын жеткілікті денгейде қамтамасыз етпей отыр. Жалпы, заңнамалық деңгейде жаңа өндіріс ашатын немесе инвестициялық жобаны іске асыратын барлық тұлға үшін міндетті түрде жұмыс орындарын құру, сондай-ақ жергілікті жастарды оқыту және жұмысқа орналастыру талаптарын бекіту қажет деп санаймыз. Дәл осы факторға байланысты оларға салықтық жеңілдіктер мен преференциялар беру мәселесі қарастырылуы тиіс», - деп санайды мәжілісмен.

Серіктес жаңалықтары