$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шерзаттың өлімі: күдіктілер изоляторда телефон ұстап отырғаны рас па

Департамент ресми жауап жіберген 

Шерзаттың өлімі: күдіктілер изоляторда телефон ұстап отырғаны рас па
Фото: видеодан скриншот

Талғардағы 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты күдіктілердің телефон ұстап отырғандарын танымал жүргізуші Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын. Бұл ақпаратты растау үшін не жоққа шығару үшін Azattyq Rýhy редакциясы Алматы облысының полиция департаментіне сауал жолдады. 

«Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдіктілердің бәрі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынып, оның нұсқауы бойынша арнайы жедел-тергеу тобы жұмыс атқарып жатыр. Барлық жиналған дәлелдер, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар зерттеліп жатыр. Осы уақытқа дейін жеті адамның қылмыс жасауға қатысы бар екені анықталды. Жәбірленуші тараптың дәлелдері бойынша басқа тұлғалардың өлімге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Әрқайсысына қатысты құқықтық баға беріледі», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Олар атағандай, қайтыс болған жасөспірімнің заңды өкілдері тергеу барысы туралы хабардар.Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді. Ал күдіктілер изоляторда телефон ұстап отыр деген ақпаратты департамент растаған жоқ.

Серіктес жаңалықтары