Алматыда мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды референдум учаскелеріне арнайы таксилер тасымалдайды
Алматы бойынша бүгін 100 «Инватакси» мен 20 кезекші көлік жұмыс істейді

Алматыда жалпыұлттық референдумда дауыс беремін деген мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 100 «Инватакси» және 20 кезекші көлік жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы әкімдігіне сілтеме жасай отырып
Республикалық референдум күні қалада мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін қала әкімдігі «Инватакси» қызметін ұсынды.
«Инватакси» арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті бұзылған азаматтарды тасымалдайды. Мегаполисте барлығы 100 арнайы автокөлік қызмет көрсетеді. «Инватакси» қызметін мына диспетчерлік қызмет нөмірлері арқылы шақыруға болады:
арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар үшін: +7 747 402 6415, +7 707 710 6050 (WhatsApp);
көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін: +7 705 980 87 09, +7 705 831 48 14», - деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.
Дереккөзге сүйенсек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көлік қызметін көрсету үшін 20 кезекші автокөлік бөлінген. Кезекші автокөлікті мына нөмір арқылы шақыруға болады: 338-30-09. Осы нөмір арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдар қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдана алады.
Естеріңізге салайық, бүгін Қазақстан аумағында АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Қаладағы сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.