Қазақстан тарихында мұндай ұзақ мерзімді саяси талқылау науқаны болған емес – Қарин

Аягөз Құрмаш

Оның айтуынша, Қазақстан - ТМД кеңістігінде өзекті сұрақ аясында референдум өткізіп жатқан жалғыз ел

Қазақстан тарихында мұндай ұзақ мерзімді саяси талқылау науқаны болған емес – Қарин
Фото: Арман Мұхатов

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астанадағы №164 референдум учаскесінде таңдау жасаған болатын. Дауыс беру кезінде ол бүгін маңызды мәселенің тағдыры шешіліп жатқанын атап өтті,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз бүгін референдумда еліміздің экономикалық дамуындағы өзекті мәселеге қатысты шешім білдіреміз. Бұл шешімге байланысты еліміздің экономикалық даму стратегиялық бағыты айқындалады. Әр референдумда маңызды мәселе көтеріледі. Референдумда көтерілген сұрақтан бөлек референдумның өзі де маңызды. Байқасаңыздар, Қазақстан ТМД кеңістігіндегі осындай өзекті сұрақ аясында референдум өткізіп жатқан жалғыз ел», - дейді Қарин.

Оның айтуынша,  елімізде жаңа саяси талқылау бойынша дәстүр қалыптасып келе жатқанын осы референдум арқылы көруге болады. 

«Президенттің АЭС құрылысы бойынша референдум өтеді деп  мәлімдеме жасағанынан бері 402 күн өтті. Қазақстанның тарихында мұндай ұзақ мерзімді саяси талқылау науқаны болған емес. Соңғы бір жылдың ішінде АЭС құрылысына қатысты тыңдаулар, жиындар, талқылаулар өтті. Әрбір маңызды шарада АЭС туралы сөз қозғалды. 402 күн бойы елімізде АЭС туралы дискуссия болды», - дейді ол.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.