04.10.2024, 17:12
Қоғам
Астанада алимент төлемей жүріп құмар ойын ойнаған 150 әке ұсталды
Олардың балаларына қарызы 350 млн теңге болған
Фото: istockphoto.com
Прокуратура 150 борышкердің өз балаларына 350 млн теңге қарыз бола отырып, құмар ойындар ойнағанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тағы бір ер адам биыл 2,5 млн теңге алимент қарызы бола тұра букмекерлік кеңсе арқылы 80 млн теңгені құмар ойынға салған.
2024 жылғы 9 қыркүйекте күшіне енген Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңына сәйкес, елорда прокуратурасы ойын бизнесінің ұйымдастырушыларына борышкерлерді құмар ойындарға қатыстырмауға шақырады.
Көп оқылған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды