"Qarmet" металлургия комбинатында АЭС бойынша кездесу өтті

Azattyq Rýhy

Кездесуде референдум туралы ақпарат берілді

"Qarmet" металлургия комбинатында АЭС бойынша кездесу өтті
Фото: Халықтық штаб

"Qarmet" АҚ металлургия комбинатында АЭС салу бойынша бірнеше ақпараттық кездесу мен талқылаулар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Домна цехы" бастауыш партия ұйымында дөңгелек үстел форматында, ал Теміржол көлігі басқармасы және Технологиялық диспетчеризация цехында еңбек ұжымдарымен кездесу аясында пікір алмасу өтті.  Кездесу барысында 6 қазанда өтетін атом электр станциясының құрылысы бойынша республикалық референдум туралы ақпарат берілді.

Қазақстан АЭС жобасының ең жоғары стандарттарға сай болуы және ел мүддесіне толық жауап беруі үшін белсенді жұмыс істеп жатыр. АЭС туралы шешім барлық ықтимал тәуекелді ескере отырып және ел мүддесіне толық сәйкес қабылданады.

Бұдан басқа, атом энергетикасын дамыту Қазақстанға энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға және экономикалық өсу үшін тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл тек экологиялық таза энергетика бағытында ғана емес, сонымен қатар елдің стратегиялық тұрақтылығын арттыру бағытындағы қадам.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.