12.05.2020, 21:50
Қоғам
БҚО-да 2 мыңнан астам адам үй карантинінде жатыр
Батыс Қазақстанда коронавирустан 107 адам айығып шықты
Фото: ашық дереккөзден
Батыс Қазақстан облысында 2245 адам үй карантинінде жатыр. Бұл туралы БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Провизорлық стационарда – 21, карантиндік стационарда 64 адам жатыр. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 148 адам ем алуда. Батыс Қазақстанда коронавирустан жазылып шыққандар саны 107-ге жетті. Бүгін тағы алты адам жазылып, үйіне жіберілді», - деп жазылған хабарламада.
Баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, ауруханада жатқандардың біреуі ауыр халде жатыр.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
