$ 494.95  525.49  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістанда алты бірдей ломбард лицензиясынан айырылды

Олар уәкілетті органның талаптарын орындамаған

Түркістанда алты бірдей ломбард лицензиясынан айырылды
Фото: © istockphoto.com

Түркістан қаласында 6 ломбард микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Түркістан қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі бұйрықтарына сәйкес, мына ұйымдардың енді лицензиясы жоқ:

  • «Ломбард «Феруна» ЖШС;
  • «ЛОМБАРД ТУРАН.KZ ЖШС;
  • «Престиж 1 Ломбард» ЖШС;
  • «Южный Ломбард» ЖШС;
  • «Ломбард Amanat Gold» ЖШС.

«Микроқаржылық қызмет туралы» заңның 16-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде орындамауы лицензиядан айыру үшін негіз болды», - деп мәлімдеді агенттік.

«Микроқаржылық қызмет туралы» заңға сәйкес, лицензиясынан айырылған ломбардтар өзінің атауынан «ломбард» деген сөздерді, одан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге, не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

Ал клиенттер микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, ломбард алдындағы міндеттемелерін орындауға тиіс.

Серіктес жаңалықтары