$ 513.68  583.03  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.09.2024, 22:22
Қоғам

Түркістан облысында азаматтарға зейнетақы қорындағы ақшаны алып беруге уәде берген алаяқ ұсталды

Жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 1 миллион теңгеге жуық

Түркістан облысында азаматтарға зейнетақы қорындағы ақшаны алып беруге уәде берген алаяқ ұсталды
Фото: Түркістан облыстық полиция департаменті

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында зейнетақы қорынан ақшасын алуға көмектесетінін айтып алаяқтыққа барған күдікті әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, күдікті әйел Instagram желісі арқылы зейнетақы жинағын алып беретінін айтып, жалған жарнама жасаған. Яғни, екі бірдей сенім білдірген жәбірленушілерге көмектесе алатынын айтып алдын ала ақшасын алған соң телефонын сөндіріп, байланысын үзген.

«Тәртіп сақшылары күдіктінің дәл осыған ұқсас тағы бір жәйтқа қатысты алаяқтық қылмысын анықтады. Жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 1 миллион теңгеге жуық. Қазіргі таңда әйел адамның ісі қаралып, сотқа өтті», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары