$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.09.2024, 17:35
Қоғам

Бозбаланың өлімі: ҚазҰУ аумағындағы субұрқақ қазір жұмыс істемейді

Екі ай бұрын Саясат Нұрбек фонтанның өзінен ақау табылмағанын айтқан

Бозбаланың өлімі: ҚазҰУ аумағындағы субұрқақ қазір жұмыс істемейді
Фото: https://t.me/kozachkow/

Алматыда 17 жастағы бозбала көз жұмған ҚазҰУ аумағындағы субұрқақ қазір тоқтап тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Субұрқақтың орнына басқа нысан салу әзірге жоспарда жоқ. Субұрқақ ҚазҰУ құзіретінде, қазіргі уақытта жұмыс істемейді», - деді университеттің баспасөз қызметі.

Редакцияның «адам өлімі болған субұрқақ бұзыла ма?» деген сұрағын баспасөз қызметі жауапсыз қалдырды.

Естеріңізге салайық, биыл 19 маусымда 17 жастағы мектеп түлегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқаққа түсіп, көз жұмды. Марқұм сол күні университетке ҰБТ тапсыруға келген.

16 шілдеде ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҚазҰУ-дегі субұрқақ штатты режимде жұмыс істеп тұрғанын, одан ақау табылмағанын мәлімдеді.

Ал 24 шілдеде министр бозбаланың өліміне «тұншығу» себеп болғанын, алайда бұл бірінші сараптаманың ғана қорытындысы екенін, тағы қосымша зерттеулер жасалатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ҚазҰУ #субұрқақ