Новости спорта, футбол, КПЛ

Сарбаздар мен әскери техника блок-бекеттерден кетеді

Оларға карантин режимін қамтамасыз ету және вирустармен күресте маңызды міндеттер жүктелді

Сарбаздар мен әскери техника блок-бекеттерден кетеді

Елде төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты блок-бекеттерді күзеткен әскерилер мен әскери техникалар тұрақты жұмыс орындарына оралады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оларды кері қайтару әскери-көлік авиациясының күшімен, сондай-ақ, өз жүрісімен жүзеге асырылады.

«Бұл ретте, арнайы жиындарға шақырылған аумақтық қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері өз міндеттерін бұрын бекітілген мерзімдерге және жергілікті атқарушы органдардың жоспарларына сәйкес орындауды жалғастырады», - делінген аталған хабарламада.

Елде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап әскерилерге режимді қамтамасыз ету және вирустармен күресте маңызды міндеттер жүктелді. Әскери қызметшілер аумақтар мен объектілерді өңдеуді жүргізіп, блок-бекеттерде және патрульдерде қызмет атқарды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.