24.09.2024, 10:28
Қоғам
Астанадағы Абай мектебінің оқушылары ұялы телефоннан біржола бас тартқан
Қазір оқушылардың білім сапасы артып, бос уақытын пайдалы өткізетін болған
Фото: istockphoto.com
Астана қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 мектеп-гимназиясының оқушылары мектеп ішінде ұялы телефон ұстамайтын болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық білім басқармасының берген ақпаратына сүйенсек, мектеп әкімшілігінің ұсынысын ата-аналар мен оқушылар қолдаған.
«Мектепте телефон ұстаудан біржола бас тартқан соң оқушылардың білімге құштарлығы артты, бос уақытында шахмат, тоғызқұмалақ ойнап, достарымен сөйлеседі. Басында оқушылар бұл шешімге ренжіп, қарсылық танытқан. Бірақ, қазір сабақ үстінде телефондарын өз еркімен тапсырады. Бастама осыдан екі жыл бұрын басталған болатын», - деп хабарлады мектеп әкімшілігі.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 17:55
Алматы мен бірқатар өңірде жаппай жарық өшті: Энергетика министрлігі себебін түсіндірді
14.08.2026, 18:18
Астана – Щучинск автожолында газель өртеніп кетті (ВИДЕО)