23.09.2024, 13:31
Қоғам
Өскеменде полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Қылмыстық іс қозғалған
Фото: Azattyq Rýhy
Өскемен қаласында полиция қызметкері жеке көлігімен келе жатып жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апаты 18 қыркүйек сағат 13:20 шамасында Кіші айналма жолында болған.
«Полиция қызметкері «ВАЗ 21140» маркалы жеке автокөлігімен келе жатып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жаяу жүргінші сол жерде алған дене жарақаты салдарынан қайтыс болды», - деді ШҚО полиция департаменті.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді