Елордада карантинге жабылған нысандардың бәрі босатылды
Бұл туралы қала әкімінің орынбасары мәлімдеді
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен елордада төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін де карантиндік шектеулер жалғасатынын мәлімдеді. Себебі, вирустың қаупі әлі басылған жоқ. Бірақ жекелеген нысандар карантиннен босатылады.
«Қалада 97 нысан карантинге жабылды. Бүгінге дейін оның 67-нен карантин алынып, 30-ы қалған еді. Бүгін бас санитардың шешімі шығып, бәрі карантиннен босатылды. Бірақ мониторинг жалғасады», - деді Б.Мәкен.
Оның айтуынша, қалада бүгінге дейін 1074 адам коронавирус жұқтырып, 3 адам қайтыс болған. 1034 адам стационарлық мекемелерде жатыр. Үй карантиніне 3539 адам жабылған. 40 000 адам коронавирусты анықтайтын ПЦР тестілеуден, 24 мың адам экспресс-тестен өткен.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан