$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.05.2020, 14:58
Қоғам

ЕСП төлегендер жұмысқа тартылады

42 500 теңге алғандардың 40%-ы - бірыңғай жиынтық төлемді бірінші рет аударғандар

ЕСП төлегендер жұмысқа тартылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде табысынан айрылғандарға тағайындалатын 42 500 теңге әлеуметтік көмек алу үшін бірыңғай жиынтық төлем (әрі қарай ЕСП - авт.) аударғандар туралы сөз қозғады.

«Жаңа әлеуметтік төлемді алудың талабы – ЕСП төлеу болды. Жәрдемақы алғандардың 40%-ы ЕСП-ны бірінші рет төлегендер. Бұлар расымен, мемлекеттің көмегіне мұқтаж жандар. Оларды мүмкіндігінше экономикаға тартуымыз керек. «Көлеңкеге» жіберіп, қараусыз қалуға жол бермеуіміз қажет. Себебі, ресми жұмыс істеп, салық төлейтіндер ғана қиын жағдайларда әлеуметтік қорғауға алынып, мемлекеттің көмегіне жүгіне алады. Болашақта соларға ғана лайықты зейнетақы беріледі», - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев әкімдер мен Үкіметке «қолма-қол» айлықпен жұмыс істейтіндерді бақылауға алуды, еңбек биржасына тіркеу, жұмыссыз статусын алу процестерін жеңілдетуді тапсырды.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары