Шымкентте жасөспірімді ұрып-соққан күзетші бас бостандығынан айырылды

Azattyq Rýhy

Жәбірленуші өкілі кешірім бергенін, жаза тағайындауды соттың қарауына қалдырды

Шымкентте жасөспірімді ұрып-соққан күзетші бас бостандығынан айырылды
Фото: istockphoto.com

Жеке меншік компанияда жұмыс істейтін күзетші өз өкілеттілігін асыра пайдаланып, қызмет барысында берілген арнайы құрал, яғни, «резина таяқшасымен» жасөспірімнің басы және кеуде тұсынан бірнеше рет ұрып-соғып, денсаулыққа «жеңіл» дәрежелі зиян келтірген, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеме жасап.

Оқиға 2024 жылдың 28 маусым күні сағат 12:30 шамасында болған. Өзіне жүктелген күзет аумағының мүлкі мен тыныштығын тексеріп жүріп, жәбірленуші жасөспірім С.-ның «футбол» алаңының қоршауынан асып түскенін көріп, ұстап алып,  кешірім сұрағанына қарамастан, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып қызмет барысында берілген арнайы құрал, яғни, «резина таяқшасымен» басы және кеуде тұсынан бірнеше рет ұрып-соғып, денсаулыққа «жеңіл» дәрежелі зиян келтірген.

Сотталушының кінәсі дәлелденеді

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға қатысты айыпты ҚК-нің 252-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, күзет саласында лауазымды қызмет атқару құқығынан 2 (екі) жыл мерзімге айыра отырып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленуші өкілі кешірім бергенін, жаза тағайындауды соттың қарауына қалдырды.

Сотталушы кінәсын толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

«Жаза тағайындау барысында сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде қылмысын мойындап, шын ниетпен өкінуін, жәбірленуші өкілінің кешірім беруін ескерді, ал қылмыстық жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот, И. ҚК-нің 252-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, күзет саласында лауазымды қызмет атқару құқығынан 2 (екі) жыл мерзімге айыра отырып 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.