11.09.2024, 13:45
Қоғам
Астанада оқушыларды ұрып-соққан ұлдар «мектеп ішіндегі бақылауға» тап болды
Бұл туралы Астана қаласының білім басқармасы хабарлады
видеодан скриншот
Астанада Ы.Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының оқушылары қатарластарына буллинг жасап, оны видеоға түсіргенін жазған едік. Оқиғаға қалалық білім басқармасы назар аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазір видеодағы оқушылардың жеке бастары анықталды. Мектеп басшылығы мен полиция инспекторы балалардың ата-аналарымен, оқушылардың өздерімен сөйлесті. Оқушылар сұралды. Төбелескен балалар мектеп ішіндегі бақылауға алынды», - деп хабарлады білім басқармасы.
Осы орайда редакция «мектеп ішіндегі бақылау» деген түсініктің мән-жайын сұрады.
«Мектепішілік бақылауда аясында:
- білім алушылардың қылмыстарын, құқық бұзушылықтарын, қоғамға жат әрекеттерін жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастыру;
- білім алушылардың ата-аналарының құқықтық мәдениетін және әлеуметтік-педагогикалық құзыреттілігін арттыру;
- әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын және демалысын қамтамасыз ету, кешенді әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
- кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін қалыптастыру шаралары өтеді», - деп нақтылады білім басқармасы.
Көп оқылған
19.06.2026, 11:49
Досын құтқарамын деп, өзі сотталып кетті: Щучинск тұрғыны сотта өтірік айтқаны үшін басы дауға қалды
19.06.2026, 10:02
Талдықорғанда есірткі таратып жүрген ерлі-зайыпты ұсталды (ВИДЕО)
19.06.2026, 09:28
Димаш Құдайберген соңғы қоңырауда ұстазымен бірге билеген «алтын белгі» иегеріне тосынсый жасады
19.06.2026, 14:19
Астанада қоқыс төгетін жүк көліктері дронның көмегімен табылды (ВИДЕО)