11.09.2024, 14:35
Қоғам
Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама үш алтын жүлде жеңіп алды
Қазақ спортшылары бір күміс, бір қола медаль алды
Фото: ұлттық және ат спорты түрлері орталығы
Астанада «Думан» қонақ үй және спорт кешенінде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аясында тоғызқұмалақтан финалдық кезең өткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама спортшылары жекелей сында екі алтын, бір күміс, бір қола және командалық есепте алтын жүлдені жеңіп алды. Әйелдер арасында: Мөлдір Серікқызы алтын, Аңсаған Қожанәсіп күміс жүлде алды.
Ал ерлер арасында Бексұлтан Бостандықов алтын медаль, Ерсұлтан Әуелбай қола жүлдені қанағат тұтты.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орын алып, Көшпенділер ойындарының тағы бір алтын жүлдесіне ие болды. Екінші орында – Қырғызстан, үшінші орында – Ресей және Моңғолия.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
18.09.2026, 00:43
Әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп ұрған: Шымкентте ер адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)
17.09.2026, 06:31
Астанада ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған: қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды (ВИДЕО)