Ақмола тұрғындары сайлау учаскесі туралы ақпаратты қайдан ала алады
Халықтық штаб мүшелері Қосшы қаласының тұрғындарымен кездесті

Қосшы қаласында Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың мүшелері еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy әкімдікке сілтеме жасай отырып.
Халықтық штаб мүшелері Қосшы қаласының мансап орталығының ұжымымен кездесіп, онда атом электр станциясын салу таяу жылдардағы ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім екенін түсіндірді.
Кездесуде атом электр станциясының құрылысына қатысты түрлі пікірлер айтылды және қойылған сұрақтардың жауабы айтылды.
«2024 жылдың 6 қазанында барша қазақстандықтар елдің алдағы ұзақ жылдарға тағдырын айқындайтын шешім қабылдауы керек» - деп атап өтті АЭС-ті салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері.
Ақмола облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы ақпаратты мына сервистер арқылы ала алады:
- https://izbirateli.akmo.kz/ ресми веб-сервисте;
- Telegram-дағы SailauAqmolaBot чат-бот арқылы;
- бірыңғай Call орталығынан 109 телефоны арқылы.
Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі халыққа дәстүрлі жолдауында осы жылдың 6 қазанында АЭС қатысты референдум өтетінін айтты.
«Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.