Елу пайыз грант беріледі - Тамара Дүйсенова қандай түлектер жеңілдікпен оқуға түсе алатынын айтты

Темірхан Айжан

Студент оқу ақысының 50 пайызын өзі төлеу үшін оқу несиесіне жүгіне алады

Елу пайыз грант беріледі - Тамара Дүйсенова қандай түлектер жеңілдікпен оқуға түсе алатынын айтты
Фото: Istockphoto

Ұлттық біріңғай тестілеуден жоғары балл жинап, таңдаған мамандығына грунтқа түсе алмаған кейбір түлектерге жеңілдік берілмек. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Былтыр шет тілі мұғалімі мамандағына грантқа түсуге конкурстан кейінгі өту балы 115 бал болды. Ол жерге тіпті 100 балдан артық жинаған балалар да өте алмай қалды. Бүгінде олар не оқуға түспей қалды, не ақылы оқуға түсті. Сондықтан біз осындай студенттерге, яғни 100 балдан артық жинаған, бірақ таңдаған мамандығына түсе алмағандарға 50 пайыз грант береміз, қалған 50 пайызын өзі төйледі, төлей алмаса жеңілдетілген оқу несиесіне жүгінсе болады», - деді Тамара Дүйсенова.

Айта кетелік, премьер-министрдің орынбасары бұған дейін Қазақстанда жоғары оқу орындарын білім сапасына қарай лигаларға бөліп, білім гранттарын бөлу әдісін өзгерту жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.