ҰБТ балымен колледжге грантқа түсуге болады

Темірхан Айжан

Министр Нұрбек колледждер мен ЖОО-лардың оқу бағдарламасын сәйкестендіру керек дейді 

ҰБТ балымен колледжге грантқа түсуге болады
Фото: Istockphoto

Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек мектептен кейін ЖОО грантқа түсе алмаған түлектердің колледжде білімін жалғастыра алатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жоғары балмен ЖОО-на грантқа ілінбеген жағдайда, сол балмен барып колледжге грантқа түсуге мүмкіндік болады. Жоғары білімге ұмтылмай, мықты кәсіптік білім алуыңызға болады. Колледждан кейінгі ЖОО-ның бағдарлы бағдарламаларын бір-бірімен сәйкестендіру керек. Мысалы, мен ЖОО-на түспей жатсам, барып колледжде оқи беремін. Сол алған біліміммен жұмыс істеймін, ал біліктілігімді арттырғым келсе, қысқартылған мерзімде бакалавриатты оқып аламын. Колледж деңгейіндегі және ЖОО деңгейіндегі бағдарламалар бір-бірімен сәйкес болу керек», - деді министр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.