Үкімет бұрынғы сағат белдеуін қайтару туралы депутаттардың бастамасын қарай ма

Темірхан Айжан

Дүйсенованың сөзінше, сағат белдеуі ауысқаннан өзгеріп кеткен ештеңе жоқ 

Үкімет бұрынғы сағат белдеуін қайтару туралы депутаттардың бастамасын қарай ма
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова депутаттардың бұрынғы сағат белдеуін қайтару жөніндегі ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кейінгі 10 жылда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы мәселені талқылап келеміз, мамандар мен үлкен эксперттер тобы тартылды. Былтыр жыл бойы осы мәселе талқыланды. Енді депутаттық корпус ұсыныс білдірді, қарастыруымыз мүмкін», - деді ол.

Тамара Дүйсенованың сөзінше, Қазақстанда уақыт белдеуі ауысқанына жыл да толған жоқ, сондықтан әзірге денсаулық сақтау саласы мен энергия тұтыну саласында ешқандай мәселе туындамаған.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысынан сайланған бір топ депутат жазғы демалыстан оралған соң, аймақта таң сағат 02:00-де ататынын айтқан. Мәжіліс бұл мәселені талқылауға шығаратын болды. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.