$ 524.24  612.94  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.09.2024, 08:42
Қоғам

ШҚО тұрғыны әйелімен жанжалдан кейін суицид жасамақ болды

Ер адамды полицейлер құтқарып қалды

ШҚО тұрғыны әйелімен жанжалдан кейін суицид жасамақ болды

Оқиға Алтай қаласында тіркелді.Отбасылық жанжалдың салдарынан полиция бөлімшесіне шақырту түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына келген Ержан Құсайынов пен Рүстем Рысбеков ер адамның мойнына жіп оралып, асылып тұрғанын көрген. Полицейлер оны дереу жерге түсіріп, жіптен босатқан кезде ер адамның тыныс алуы қиындап бара жатқан.

«Мен әріптесіме «жедел жәрдем» шақыр деген соң, өзім жүрекке массаж жасай бастадым. Алты минуттық көмектен кейін зардап шегушінің тамыры соға бастады», — деді Рүстем Рысбеков.

ШҚО ПД ақпаратына сәйкес, ер адам әйелімен жанжалдан кейін өмірмен қоштаспақ болған. Әйелі ұрыстан соң үйден кетіп қалған екен.

«Қазіргі уақытта оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, ерлі-зайыптылар қайта татуласты», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары