$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.09.2024, 07:22
Қоғам

Астанада жасөспірімдер трансформатор аумағына кіріп, мыс кабельдерін ұрлаған

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Астанада жасөспірімдер трансформатор аумағына кіріп, мыс кабельдерін ұрлаған
Фото: Azattyq Ruhy

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Байқоңыр» ауданының жедел уәкілдері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен астаналық екі жасөспірімді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.


Тергеу барысында белгілі болғаны, жастар Ақжол көшесінде орналасқан ЖШС мекемесінің трансформаторына келіп, құлпын бұзып ішке кірген. Қаскүнемдер 30 метре жуық мыс кабелін алып шығып, оқиға орнынан ізідерін суытқан. Осылайша 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Кәмелетке толмаған екеуі ұрланған кабельді сатып үлгерген.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары