«Оқиға орнынан қашып кеткен»: Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен мопедист ұсталды

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта жаяу жүргінші ауруханада жатыр

«Оқиға орнынан қашып кеткен»: Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен мопедист ұсталды
Видеодан алынған кадр

Жол-көлік оқиғасы 28 тамыз күні таңғы сағат 07.15-те Алматының Әуезов ауданында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Төле би даңғылымен батыс бағытта келе жатқан мопед жүргізушісі белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан қызды қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

«Іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген шаралардың арқасында қашып кеткен азамат анықталды және ұсталды. Бұл 23 жастағы жігіт. Қазіргі уақытта жаяу жүргінші ауруханада жатыр, жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы бейнебақылау жүйелерінің ресурстары барынша пайдаланылғанын айта кеткен жөн», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.