Атырау облысында дәретханаға бейнекамера орнатылуына байланысты мектеп директоры пікір білдірді

Azattyq Rýhy

Мұндай шешім тәртіп сақтау және бұзақылық фактілерінің алдын алу мақсатында қабылданды

Атырау облысында дәретханаға бейнекамера орнатылуына байланысты мектеп директоры пікір білдірді
Фото: depositphotos.com

Атырау облысы, Қызылқоға ауданында Ш. Еркінов атындағы орта мектептегі ұлдарға арналған дәретханаға бейнекамера орнатылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Ақжайық басылымына сілтеме жасап.

Аталған орта мектептің директоры Тәттігүл Қалиева дәретханадағы мүліктер бірнеше рет бүлінуі, оның үстіне тура осында ұсақ бұзақылық фактілерінің орын алуына байланысты қол жуатын орынға бағытталған камераларды орнату қажеттілігі туындағанын айтады.

«Бұл ретте ешкімнің құқығы бұзылған жоқ. Камераларды орнату туралы шешім мектеп әкімшілігімен және қамқоршылар кеңесінің басшысымен бірлесіп қабылданды. Мұндай шешім тәртіп сақтау және бұзақылық фактілерінің алдын алу мақсатында қабылданды. Камераның жазбасын тексеру тек менің құзіретімде», - дейді Тәттігүл Қалиева. 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.