06.09.2024, 10:46
Қоғам
«Жүрегімдесіңдер!»: шапаны мен бөрігін тастамаған Дастан Мұқашбеков еліне алғыс айтты (ВИДЕО)
Ол қолдау көрсеткен барлық жанға ыстық ықыласын жеткізді
Фото: видеодан скриншот
Паралимпия ойындарының қола жүлдегері Дастан Мұқашбеков қолдау көрсеткен отандастарына алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақ елі, қола медаль алдым. Қазақстандықтар, қандастар, қолдап жүрген ағайынға рақмет. Туған жеріме, ата-анама, отбасыма, баршаңызға алғыс айтамын. Жүректесіңдер», - дейді спортшы.
Паралимпия ойынының жүлдегері Парижге ұлттық киімін ала барған екен. Тарихи жеңісінен кейін ол шапаны мен бөрігін киіп, Отанына деген ыстық ықыласын осылай танытса керек.
Еске салсақ, Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 16 метр. Бұл – Азия құрлығының жаңа рекорды саналады.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды