04.09.2024, 23:26
Жаңалықтар
Дастан Мұқашбеков – Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері
Ол Азия құрлығының жаңа рекордын орнатты
Фото: Туризм және спорт министрлігі
XVII жазғы Паралимпиада ойындарында Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның нәтижесі – 16 метр. Бұл – Азия құрлығының жаңа рекорды. Алтын медальді Владимир Свиридов (17.18 метр) еншілесе, күміс жүлде Кокоити Аланға (15,84 метр) бұйырды. Екі спортшы да бейтарап ту астында өнер көрсетті.
Сонымен, Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар.
Көп оқылған
24.11.2026, 14:08
«Жалғыз перзентімен бірге кетті»: Ақтөбе облысында атақты дәрігер мен баласы бір күнде ажал құшқан
24.11.2026, 10:54
«Бұл – арзан»: қазақстандықтар интернеттің тарифі үшін айына орта есеппен 10 доллар төлейтіні белгілі болды
