Президент қойған мақсаттарға қоғам жұмыла кірісуі керек – ауыл тұрғындары

Аягөз Құрмаш

Мұғалім мен дәрігер өз пікірлерін айтты

Президент қойған мақсаттарға қоғам жұмыла кірісуі керек  – ауыл тұрғындары
Фото: Ақорда

Ақмола облысы Целиноград ауданы Арайлы ауылының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Анастасия Ирубаева мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы білім беру саласында «Жайлы мектептер» бағдарламасы жайлы айтты. Қазір білім беру саласы өзекті мәселеге айналып, маңыздылығы арта түсті. Сондықтан әрбір бала «жайлы мектепте» білім алуы керек деп ойлаймын», - дейді Ирубаева.

Өз кезегінде Целиноград ауылындағы емхана директорының орынбасары Аяжан Сүлейменова президент Жолдауындағы денсаулық сақтау мәселесіне тоқталды.

«Астанада өткен Жолдауға өзім жеке барып қатыстым. Президент Жолдауында медицина саласына бөлініп жатқан қомақты қаржы мен оның тиісті жұмсалып жатқанына тоқталып өтті. Медициналық сақтандыру қорына қатысты да пікірін айтып,ондағы қаражаттың жұмсалуын тілге тиек етті. Денсаулық сақтау басшыларына бірыңғай медициналық кешенді енгізуге тапсырма берді. Осы мақсатқа біз, денсаулық сақтау саласында еңбек ететін мамандар бірге жетуіміз керек деп ойлаймын», - дейді Сүлейменова.

Еске салсақ, 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.