02.09.2024, 22:01
Қоғам
Павлодарда 10 жасар қызға азғындық әрекет жасаған футбол бапкері ұсталды
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Фото: depositphotos.com
Желіде Павлодарда футбол бапкерінің кәмелетке толмаған қызға азғындық әрекет жасағаны туралы ақпарат тарады. Өңірлік полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам кәмелетке толмаған қызға тиісіп, оны кейбір әуретті жерлерін ұстауға мәжбүрлеген. Ол жасөспірімді қонақүйге алып кетіп, кейін үй ауласына қайтарған.
«Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген ПД хабарламасында.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты