«Томирис патшайымның» етегін көтерген оқушылардың кімдер екені белгілі болды

Аягөз Құрмаш

Мектеп әкімшілігі аталған іс-шараға қатысымыз жоқ дейді 

«Томирис патшайымның» етегін көтерген оқушылардың кімдер екені белгілі болды
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысы Тереңөзек ауылында «Томирис патшайымның» етегін көтерген оқушылар оның туыстары болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде өзін «Томирис патшайым» деп атаған  Гүлсара Суасқызының етегін көтерген оқушыларға қатысты Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімі жауап берді.

«2024 жылдың 29 тамыз күні Тереңөзек ауылының мәдениет үйінде Т.Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» атты акциясы өткізілді. Іс-шара ауыл тұрғындарының қатысуымен ұйымдастырылған. Сонымен қатар аталған шараға ауылдың тумасы Гүлсара Суазқызы қатысып, ауылға демеуші ретінде бүркіт пен арыстанның бейнесін (макетін) сыйға тартқан. Гүлсара Суазқызының көйлегінің етегін туыстық қарым-қатынастағы қыздар ұстаған. Мектеп әкімшілігі тарапынан аталған шараға байланысты ешқандай тапсырма берілмеген», - делінген білім бөлімінің жауабында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.