02.09.2024, 12:57
Қоғам
«Есірткі, діни әдебиет, қару»: 1 айда заң бұзғаны үшін 5 мыңға жуық адам ұсталды
Оның ішінде шетел азаматтары бар
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК Шекара қызметі шекарада заң бұзғаны үшін тамыз айында 4 985 адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олардың ішінде 36 шетел азаматы бар.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 746 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:
- 48 – есірткі заттары;
- 103 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (11 түрлі мылтық пен тапанша, 99 бірлік суық қару, 464 оқ-дәрі);
- 27– діни әдебиет (492 дана);
- 664 – жалпы сомасы 108 млн теңгеден асатын жанар-жағар май материалдары (107 000 литрден астам);
- 729 – жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
- 175 – жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеден астам валюта.
Сонымен қатар, Каспий акваториясында 9 браконьерлік фактілерінің алды алынды.
«Алды алынған залал сомасы 19,4 млн теңгені құрайды. Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді», - деп хабарлады ҰҚК.
Көп оқылған
01.07.2026, 16:04
СҚО-да жол апатынан кейін мас жолаушы жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
01.07.2026, 11:33
Университет түлегі мен профессордың диплом табыстау сәтіндегі биі жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
01.07.2026, 09:15
Жүргізуші куәлігінің болуы, тротуармен жүрмеу, шлем: самокат айдайтындарға қатысты ереже бүгіннен бастап күшейді